Attar бренді

Attar –Қазақстандағы жаңа шина зауытында шығарылатын жеңіл және жүк шиналарының атауы.

Attar бренді Қазақстандағы жаңа шиналық зауыттың өнімдеріне арнайы арналған.Брендті құру кезінде мақсаты Қазақстанның мәдениетімен және тарихымен үндес, сондай-ақ басқа елдерде түсінікті атауды табу болды. Attar атауы – осы талаптарға жауап береді. Қысқа атау латын әліпбиінің бірінші әрпінен басталады, жетекшілік пен үлкен жолдың басталғанын білдіреді.

Attar атауы (қазақ тілінен аударғанда - аттар) күшті және тәуелсіз сипатты білдіреді. Attar шиналары жүргізушіге белгіленген мақсаттарға дер кезінде жетуге көмектесе отырып, алға қарай еркін қозғалуға мүмкіндік береді.

Зауыттың конвейерінен шыққан әрбір шинаның бүйірінде орналасқан Attar логотипінде ат басының стильденген, тәкаппар пішіні бейнеленген. Логотиптің әрбір әрпінде қайталанатын нақты, үздіксіз сызығы шиналардың сенімділігі мен сапасын растайды. Attar брендімен жеңіл авто көліктер көліктер үшін де, жүк көліктері үшін де шиналар шығарылатын болады